Инклюзивті білім қалай беріледі?

«Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігі «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай демеушілігімен «Инклюзивті білім бойынша педагог мамандарын ғылымиәдістемелік сүйемелдеу» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба өңірдегі педагогикалық қауымдастықтың кәсіби құзыретін арттыру арқылы аймақтағы инклюзивті білім беруді дамытуға, көптеген мүмкіндігі шектеулі балаларға тең орта қалыптастырып, оларды ортаға кеңірек тарту мақсатын көздейді.

 Жалпы жоба 3 кезеңнен тұрады. Алғашында Атырау облысы мен Маңғыстаудың Боранқұл ауылында инклюзивті сынып немесе топ ашуға ниетті педагог мамандарға, басшыларға арналған 7 біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 160 педагог оқып шықты. Курс кезінде инклюзивті сыныптар мен топтарды ашудың, ондағы жұмысты ұйымдастырудың жөн жобасы, нормативтік-құқықтық актілері, инклюзивті топтардағы арнайы қажеттілігі бар балаларға арналған жеке жұмыс бағдарламалары мен жоспарларын жазу жолдары, ерекше балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері оқытылды.  Инклюзивтік білім беру тақырыбы бойынша үздік тәжірибелер таратылды. Соның бірі - Атырау қаласындағы №7 М.Әуезов орта мектебінің дефектолог маманы Ардақ Үрімбаеваның мүмкіндігі шектеулі оқушымен жұмыс жасаудағы педагогикалық тәжірибесі.

 Жобаның екінші кезеңінде инклюзивті сынып пен топтар ашуға ниетті педагог мамандар тағылымдамадан өтті.  Олар Алматы мен Астана қаласына жіберіліп, барлығы 20 адам оқытылды. Мәселен, Алматыда «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың іс-тәжірибесі» атты тағылымдама ұйымдастырылды. Мақсат: педагогтардың инклюзивті білім берудегі кәсіби құзыреттілігін калыптастыру.

Алматы қаласында 10 адам мына ұйымдардан тағылымдамадан өтті:

3-кезеңде инклюзивті сынып пен топтар ашуға ниетті педагогтарға қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде, жоба қамтылған аумақта 5-10 инклюзивтік сынып ашылады. Осыған орай, бес-бестен ресурстық және түзету кабинеті жабдықталады. Бұдан бөлек өз бетінше инклюзивтік топ ашқан білім беру мекемелері мамандандырылған көмек алады.

Бұл жоба арнайы қажеттілігі бар балалардың білім беру мекемелерінің инклюзивті сыныптарында оқу мүмкіндігін әлдеқайда арттыратын болады. Соның арқасында мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтеніп, тең ортаға көптеп қосылатын болады.

Осыған дейін, аталған жоба аясында аймақта бес түзету-дамыту кабинеттері ашылды. Алға қарай тағы да бес мектептен дәл осындай инклюзивтік кабинеттер жасақтау жоспарда бар.

Ләйла СҰЛТАНБАЕВА, жоба директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521