Индер аудандық "Дендер" газеті 90 жылдық датасын атап өтті

Бүгін Индер аудандық “Дендер” газетінің 90 жылдығына арналған “Дендер дидары” атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада ардагер журналистерге және редакция ұжымына Атырау облысы әкімі Серік Шапкеновтің атынан мерекелік наградалар мен құттықтау хаттарын Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова табыс етті.

Сондай-ақ Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов баспасөз қызметкерлерін бүгінгі мерейтоймен құттықтап, редакция ұжымына облыс әкімі атынан жаңа көліктің кілтін сыйлады.

Сондай-ақ, “Атырау Ақпарат” ЖШС бас директоры Нұрболат Елеусінов “Дендер” газетіне 500 000 тг сертификат табыстады. Мерейтой жиында газеттің тарихы, өткені мен бүгіні сөз болды. Баспасөз бетіне өзіндік үн қосқан ардагер журналистер мен баспасөз қызметкерлері облыс және аудан әкімінің, сонымен қатар облыстық мәслихат пен “ Атырау-Ақпарат” ЖШС тарапынан марапатталды.

Мерейтой соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT