«Ильич шамының» орнына жарық диодты көше шамдары

Қаладағы жаяу жүргіншілер өткеліне 54 дана диодты жарық шамымен қамтылған бағаналар орнатты.

Құлсары қаласының көшелерінде тозығы жеткен 1000 дана ескі көше шамдары өзіміздің отандық зауыттан шығарылған қуаттылығы 150 Вт-ты құрайтын жаңа жарық диодтық шамдарға ауыстырылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тиісті деңгейде жалғасын таба бермек.Ол жөнінде аудан бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның отырысында қала әкімінің орынбасары Қадыржан Әділов хабарлады.

Оның айтуынша, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы бөлінген қаржыға «Жайық-Жарығы» ЖШС қаланың 12 көшесіне 11730 метрді құрайтын көше жарығын жүргізген.

akosh1

Бұдан басқа қаланы жарықпен толықтай қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» технологиясы негізінде инвестор мекеме «TNS-INTEC» ЖШС қосымша 68,2 шақырымдық 109 көшеге көше жарығын жүргізу жұмысының жобалық-сметалық құжаттарын жасақтап, маусым айында жұмыс бастап кеткен.

Қазіргі таңда ол өз жалғасын табуда. Дәл осы мекеме қаладағы жаяу жүргіншілер өткеліне 54 дана диодты жарық шамымен қамтылған бағаналар орнатты. Мұның барлығы, сөз жоқ, Құлсары көшелері мен тасжолдарда орын алуы мүмкін түрлі құқық бұзушылықтың алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етері анық.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT