«Икем» қолөнерге икемдейді

2016 жылдан бастап іске асып келе жатқан «Жарқыра» бағдарламасы аясында күні бүгінге дейін 63 әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба жүзеге асты. Соның бірі - ауданда 7 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Икем» шығармашылық орталығы. Жаңа инклюзивті шығармашылық бағдарламасы аясында биылдан бастап осы орталықта 5 ерекше бала тегін оқуға мүмкіндік алды.

Негізінен, орталық балалары сурет салу, қолөнер, шығармашылық емтиханға дайындық, арт-терапия, құм терапиясы, қыш қолөнері сынды бағыттар бойынша үйірмелерге қатысады. Бір қуантарлығы, биылдан бастап мұнда қабылданатын ерекше балалар өз сүйікті істерімен айналысып, икеміне қарай «Икем» орталығында құмда сурет салу мен қыш қолөнері бағытындағы үйірмелерге баратын болады. Шығармашылықтың бұл түрі моториканың, есте сақтаудың, қиялдың, кеңістікті қабылдаудың дамуына ықпал етеді, шоғырлануды арттырады және жүйке жүйесін тыныштандырады.

-Бұл менің ерекше балаларға көмектесуге деген қарапайым тілегімнен басталды. Сурет мұғалімі ретінде мен оларға бірнеше рет шеберлік сабақтарын өткіздім және әр жолы шығармашылық сабақтың оларға қалай пайдалы әсер ететінін, басқа бүлдіршіндермен қарым-қатынас жасауға және өз сезімін білдіруге үйрететінін байқадым. Сондай-ақ, мүсіндеу мен сурет салу ерекше баланы қол моторикасын дамытуға итермелейтініне және оған әдеттегі білім беру сабағына қарағанда әлдеқайда пайдалы болатынына көз жеткіздім. Балалардың жетістіктерін бақылай отырып, өзімнің арт-орталығымда инклюзивті оқыту бағдарламасын құру туралы шешімге келдім, - деді орталық басшысы Жадыра Ізімова.

Айта кетейік, «Жарқыра» бағдарламасы аясында жүзеге асқан 60-тан астам жобаның 25%-дайы ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру, оңалту, оңалту қызметтерін көрсету орталықтары саналады. Осылайша «Жарқыра» бағдарламасы «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында өңірдегі инклюзивті қоғамды қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521