Игерілмеген 100 жер учаскесі бар екен

Өткен жылы жер қатынастары саласында барлығы 905 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Отырысқа аудан әкімі Азамат Бекет, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, дербес бөлім басшылары, қала-кент,ауылдық округ әкімдері және аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов баяндама жасады.

- Жылыой ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сай жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін   635 (7212) өтініш түсіп, 412-сі  қанағаттандырылып, 19-ы түсіндіріліп, 29-ын  қанағаттандырудан бас тартылды. Бас тарту себептерінің бірі - жер учаскелерінің игерілмеуі. Өткен жылы жер қатынастары саласында барлығы 905 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап айтсақ:

1. «Іздестіру  жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» қызметі бойынша-10;

2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі бойынша-788;

3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша -101;

4. «Мемлекет жекеменшікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын бекіту» қызметі бойынша-6; Техникалық себептерге байланысты екі мемлекеттік қызмет мерзімінен кешіктіріліп көрсетілді.

Кәсіпкерлік мақсаттарға жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сай және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы  № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары» негізінде сауда-саттық арқылы беріліп отыр. Сауда-саттық ұйымдастырар алдында тиісті мәліметтер 15 (он бес) күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына (atyrau.gov.kz) жарияланады.

Сауда-саттықтың және ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне ұйымдастырылған конкурстың нәтижелері, маман түсіндірмесі тақырыбы бойынша мәліметтер жергілікті газеттерге беріліп келеді. Аудан бойынша кәсіпкерлік  мақсат үшін беріліп,  игерілмей отырған 100 жер учаскесі анықталды.

Оның ішінде:

- 9 жер учаскесі бойынша келісімшартты біржақты бұзу шараларын алу мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.

-14 жер учаскесі бойынша игеру жұмыстары жүргізілуде.

-20 жер учаскесі бойынша Әділет органында тіркелу ескертілді.

-34 жер учаскесі бойынша ҚР Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес жер учаскелерін игеру туралы жазбаша нұсқама берілді.

-11 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

-12 жер учаскесі бойынша иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жылыой ауданы әкімдігімен ауылшаруашылығы мақсатында игерілмей отырған жалпы көлемі 1212 га құрайтын 18 жер учаскесі анықталып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар заң талаптарына сай жоспарлы түрде ұйымдастырыла береді,- деді аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов. Тұрғындар жер мәселесіне байланысты сауалдарына нақты жауап алды.

Қ.Мыңбаев,

Жылыой ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521