Гидротехникалық құрылыс жұмыстары бақылауда

Таяуда аудан әкімі Жұмабек Қаражанов аудан тұрғындарымен кездесіп, ауылдарға арнайы барған еді. Кездесулердің бірінде Тұрғызба ауылының тұрғындары Жем өзенінің суын тиімді пайдалану мәселесін көтеріп, әкімге бірқатар ұсыныстар айтқан болатын.

Осыған сәйкес аудан басшысы ауыл азаматтарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, аталған мәселенің мән-жайымен танысып, тиісті бөлім мамандарымен бірге су учаскелерін аралап шықты. Себебі біздің аудан үшін Жем өзенінің суын тиімді пайдалану өте маңызды. Егіндік және шабындық алқаптардың өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығы саласының дамуы, төрт түліктің жай-күйі осы Жем өзенінің су қорымен тікелей байланысты.

Одан бөлек аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өткен аптада Қарағай және Бақашы маңында, сондай-ақ Сарқырауықта және қала ішінде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстардың жайын бақылады. Жауапты бөлім басшыларымен және мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жүргізіліп жатқан гидротехникалық құрылыс жұмыстарымен танысты. Жобалардың уақытылы әрі сапалы іске асырылуы – өңір инфрақұрылымының дамуы үшін аса маңызды. Сондықтан жұмыстардың әр кезеңі жіті бақылауда болмақ. 

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT