ҒИБАДАТ ҮЙІНДЕГІ ҒИБРАТ

Пайғамбарымыздың туған айы - қасиетті Мәуліт мерекесі құрметіне Құлсары қаласындағы Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жөнінде мешіттің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев хабарлады.

Осыған дейін орталық мешітте екі мәрте Мәуліт оқылып, жамағатпен бірге рухани кештер ұйымдастырылды. Онда бас имам Жасұлан Қуанышұлы «Пайғамбардың өнегелі өмірі» т а қ ы р ы б ы н д а н а с и х ат а й т ы п , жамағаттың көкейінде жүрген көп сауалдарына жауап берді.

Сонымен бірге, Мәуліт мерекесіне орай ғибадат үйінде отызға тарта ерекше балаларға арнап дастархан жайылып, түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Міне, осы Мәуліт айында Жылыой орталық мешітінің бас имамы бастаған қызметкерлері мен бір топ жамағат Құлсары қаласынан жақында ашылған кинотеатрға барып, отандық «Міржақып, Оян, қазақ!» атты көркем фильмін тамашалауға барды.

-Мәуліт – уағыз-насихат тыңдап қана қоймай, ізгі амалдар жасауға асығатын ай. Бұл айда адам өзін-өзі тәрбиелеп, рухани дамуға, өзгеруге ұмтылғаны абзал. Мәуліт – жақсы амалдардың айы, - дейді бізбен әңгімесінде орталық мешіттің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Дәл осыған ұқсас мерекелік іс-шаралар кент, ауылдық округтегі мешіттерде де ұйымдастырылды.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521