Газетке жазылып сыйлыққа ие болды

2021 жылдың 26 қарашасында Атырау облысы бойынша «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімдерінде газет-журналға жазылу науқанына арналған «Абонент күні» акциясы өткізілуде.


Жылыой аудандық пошта байланысы торабы ұйымдастырған шара таңертеңгі сағат 10-де басталды. Басылымдар мен бұқараны байланыстыратын пошта қызметкерлері тұрғындарды жылы қарсы алып, бүгінгі акцияға белсенді қатысуға шақырды. Алғаш болып “Кең Жылой” газетіне 1 жылға жазылған аудан тұрғынына арнайы сыйлық табыс етілді.


Сонымен қатар жазылушылар арасында жылдам ұтысты лоторея ойнатылды. Акция кезінде жылыойлықтарға «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және облыстық «Атырау» газетіне жазылып әрі сыйлық ұтып алуға мүмкіндік туды.

whatsapp-image-2021-11-26-at-15_20_33


П.Қизатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521