Газет оқу – ойлы оқырманның ісі

Бүгін Жылыой ауданына іс сапармен «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері бас редакторының орынбасарлары Азамат Базарбаев пен Қайрат Сатаевтар келді. Мақсат: келер 2022 жылға баспасөзге жазылу науқаны кезінде жылыойлық оқырмандармен кездесіп, олардың ой-пікір, ұсыныстарын білу.


     Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен кездесуге аудандық, облыстық газеттердің белсенді авторлары мен жанашырлары, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, ұстаздар қауымы қатысты. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров ашып, жүргізіп, облыстан келген БАҚ өкілдерін таныстырып,  ауданға келгендегі мақсатын түсіндірді.


     Сөз алған директордың орынбасары И.Құндызбайұлы, А.Базарбаев пен Қ.Сатаев, «Кең Жылой» газетінің бас редакторы Сәулеш Шәтенова өткен ғасырдың басынан бермен қарай жарық көріп келе жатқан «Атырау-Ақпарат» медиа – холдингіне қарасты аудандық, облыстық газеттердің аймақтың ақпарат саласындағы алатын орны мен маңыздылығына тоқталды. Расында да әлеуметтік желідегі жел сөзге қарағанда шындық пен ақиқатты бетке ұстаған байырғы басылымдардың тілшілері кез келген оқиға мен ондағы деректердің дәлме-дәл етіп жазады. Сондықтан газет оқу, оған жазылу - көзі қарақты, көкірегі ояу оқырманның басты міндеті.

whatsapp-image-2021-10-22-at-14_13_34
    

 Осыған орай өз пікірлерін білдірген ардагер журналист Қонаш Қалдыоразұлы, ақын Бүркіт Базарбаев, Аналар кеңесінің төрайымы Мұстахима Малашқызы, №4 орта мектеп директоры Сымбат Едігеқызы және басқалар көкейде жүрген көп ойларын ортаға салып, өз ұсыныстарын білдірді. Оқырмандардың сөзінен пошта байланыс торабының қаладағы көптеген бөлімшелерінің қысқартудың құрығына ұшырағандығын, ауылдық жерлерде ол дұрыс жұмыс жасамайтыны белгілі болды.
      Айтылған сын-пікірлерге аудан әкімінің орынбасары Әнуар Ишрашинұлы жауап беріп, тиісті шарасын алатынын жеткізді. Ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта ескерілетін болды.


       Кездесу соңынан газеттің белсенді авторлары мен жанашырлары Қ.Қалдыоразов, Айнаш Жарылғасова, Мейрамбай Базарбаев, Мұстахима Малашқызы «Атырау»-Ақпарат» медиахолдингі бас директорының Алғыс хатымен марапатталды.

  
Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521