Ғасыр ақыны

АУДАНЫМЫЗДА АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҒАСЫР АҚЫНЫ» АТТЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.

«БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ,ОЙ ПӘЛІ-АЙ.

МЫНА ХАЛЫҚ НЕҒЫП ЖАТЫР ТОЙЛАМАЙ?

БАНКЕТ ЖАСАП БЕРЕР ЕДІМ ӨЗІМ-АҚ,

ТӘҢІРІМ БІР ЖАРЫТПАЙ-АҚ ҚОЙҒАНЫ-АЙ!»,-ДЕП ЖЫРЛАҒАН ҚАЗАҚТЫҢ МҰЗБАЛАҚ АҚЫНЫ АТАНҒАН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙЛАС ӨТКЕН КЕШ АСА ӘСЕРЛІ БОЛДЫ.

Мұқағали Мақатаев - қазақ поэзия әлеміне шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.

«Ғасыр ақыны» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауына 15 үміткер қатысты.

Жас талапкерлердің әділ бағасын беріп, жеңімпазды анықтаған қазылар алқасында ҚР жазушылар одағының мүшесі, ақын -Базарбаев Бүркіт, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, аудандық "Кең Жылой" газетінің бас редакторы Шатенова Сәулеш, "Кең Жылыой" мәдениет үйінің жастармен және балалармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, жас ақын Амандықов Әлібектер болды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, Бас жүлде №23 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Сағытжанова Айнагүлге, I орын- №19 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Айдын Ботагөзге,

II орын ЕСС" компаниясының қызметкері Мұхамбет Альбинаға,

III орын №10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Айтбаева Гүлжайна мен 16 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Ерболова Амангүлге берілді.

«Өмір дейтін-тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін- өлемін деп қарамау!», - деп өмір жайлы толғанысында жырлағандай, ақиық ақынның аты, шығармашылығы өлең сүйер ұрпағы, осындай көркемсөз оқу шеберлері тұрғанда ешқашан өлмек емес!

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521