Гүл жұпарына бөленген Атырау

Облыс орталығындағы Азаттық, Әбілхайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында орамды гүлзар пайда болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығындағы Азаттық, Әбілхайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында орамды гүлзар пайда болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтсақ, көктем мен жаз мезгілдерінде 12 мың шаршы метр жерге бірнеше мың гүл егілді. Олар: раушан, петуния, тагетис, цинерария, портулак, сальвия.

Сондай-ақ, барлық көшелер мен саябақтарда ағаштарды әктеу, бағаналар мен арықтарды жөндеу, талдарды суару және 40 мыңға жуық ағашты баптау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 3000-нан аса ағаш пен 700 метр ағаштан тұрғызылған қоршау отырғызу жобасы да әзірленуде.

Жаңадан отырғызылған ағаштар Тайманов пен Байжігітов көшелерінде, ал қоршау Сәтбаев даңғылының бойында кей бөліктерінде бой көтереді. Бұл жұмыстар алдағы күз мезгіліне жоспарланып отыр.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз