Таяуда Теңіз кенішінде адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға орын алды.
Түнгі сағат бір жарымдар шамасында Құлсары-Сарықамыс тасжолының Теңіз вахташылар қалашығына қарай бұрылысында ауыр жүк тиейтін «Шахман» мен «Фольксваген пассат» көлігі соқтығысып, 32 жастағы азамат қаза тапты.
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Серікқали Тасқалиевтің айтуынша, көз жұмған жігіт - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Оның шалғайдағы ауылынан ауысымдық жұмысына келе жатқан беті екен. Ол мінген шетелдік жеңіл көлік «Шахманның» артынан келіп соқтығысқан. Көлік сол бойда отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен деген жорамал бар. Соның салдарынан ауыр соққы алып, ес-түссіз қалған. Әйтпесе, өрттен сыртқа сытылып шығып үлгеруі де мүмкін еді.
Әрине, оның барлығын тағайындалған арнайы сараптама қорытындысы анықтап бермек. Қазір оқиғаға орай алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.
Е.Бәлиев.