Фарида Ахметова Төлегенқызы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

2001-2005 жылдар аралығында Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясында мұғалім, 2005-2006 жылдар аралығында Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті әкімшілік бөлімінің Құжат айналымы бойынша бас маман, 2006-2007 жылдары Атырау медициналық колледжінде оқытушы, аудармашы қызметтерін атқарған. 2008-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясының Атырау облыстық филиалында Идеологиялық, қоғамдық саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі, бөлім меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2016-2017 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы директорының орынбасары, 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, 2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалында директордың орынбасары болып қызмет еткен. Жоғары білімді, ғылыми дәрежесі - Құқық магистрі.

П.ҚИЗАТОВА.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl