2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңіл жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай-ақ және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алатын болды. Оны еурохаттама арқылы жүзеге асыра алады.
Еурохаттама қандай кезде қолданылады? Ол үшін сақтандыру оқиғасын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша төмендегі жадынаманы есте ұстаған абзал. Егер:
1)Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) екі көлік құралы ғана қатысса;
2)ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін реттейтін міндетті сақтандыру болса;
3)ЖКО-ның нәтижесінде оқиға қатысушыларының ғана көлік құралдарына шығын келтірілсе, яғни өмірі мен денсаулығына зиян келген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғаның мүлкі бүлінбесе;
4)ЖКО-ға қатысушы жүргізушілерде бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші ретінде өзара келіспеушілік болмаса;
5)келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін, яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап есептегенде 369 мың теңге ғана болса, еурохаттама қолданылады.
Мұндай жол-көлік оқиғасын «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.android мекен-жайлары бойынша App Store және Google Play жүктеуге болады
Осы жерде ескерер маңызды жайт: оқиғаға қатысушы жүргізушілердің мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс. ЖКО-ға қатысушы екі азамат та «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және оқиғаға орай мәліметтерді толтыруы қажет.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаса, онда +7 (727) 339 31 88 нөміріндегі колл-орталыққа хабарласса болады.
Гүлзада Жанғазиева,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы