Ескертуді елемегендерге айыппұл салынады

Ауданымыздағы эпидемиологиялық ахуал тұрақтағанша отбасылық шараларды кейінге шегергеніміз ләзім

Жылыой аудандық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен енгізілген карантиндік шектеулерге сәйкес отбасылық (еске алу, келін түсіру, туған күн т.б) шаралардың үйде өткізілуіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта шатырларды (палатка) жалға беруші тұлғаларға ескертпелер берілді. Сонымен қатар аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелерімен аудан бойынша үйде өткізілген отбасылық шаралар анықталып, құзырлы органдарға тиісті шара қолдану үшін ұсыныстар енгізілді.

Осыған байланысты, аудан тұрғындарын ауданымызда эпидемиологиялық жағдай тұрақтағанша жоспарланған отбасылық шараларды кейінге шегеруді сұраймыз.

Ескертпе: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 462-бабына сәйкес талаптарды орындамау әртүрлі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

palatka1

Жылыой аудандық жедел штабы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз