Ескертуді елемеген кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынды

Пандемия басталғалы бері 4 ай болды.

Карантин - күнделікті өмірімізге еніп, баршамыз оған бейімделіп қалғанымыз да жасырын емес.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысында белгіленген талаптарға бағынбағандарға алғашында ескерту берілсе, кейін айыппұл салына бастады. Осы орайда Жылыой ауданы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ мүшелерімен күн сайын бақылау жұмыстары жүргізілетіндігін айта кеткеніміз жөн.

- Жуырда Жылыой аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен әлденеше рет ескерту берілгеніне қарамастан кәсібін дөңгелентуін тоқтатпаған 1 азық-түлік дүкені иесіне - 319470 теңге, 1 жеміс-жидек дүкені иесіне - 319470 теңге айыппұл салынды. Ал көлік жуу орталығының иесі шараға келіспеуіне байланысты сырттай хаттама толтырылып, 638940 теңге айыппұл салынып, құжаттары поштамен мекен-жайына жіберілді,- деп хабарлайды Жылыой ауданының жедел штабы.

Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз