Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі.
Бүгінгі таңда әсіресе есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтіліп, жасөспірімдер мен жастарды зиянды әдеттен қорғау басты міндеттердің бірі болып отыр. Есірткі – адамның тағдырын талқандайтын, қоғамның дамуына кесірін тигізетін аса қауіпті дерт.
Сондықтан құқық қорғау органдарының жүйелі жұмысы, мектептер мен ата-аналардың бақылауы, қоғамның белсенділігі – бәрі бір мақсатқа бағытталуы тиіс: жастарды аман сақтау, болашағымызды қорғау. Заңның үстемдігі сақталған жерде ғана тәртіп орнап, қоғам ертеңіне сеніммен қарай алады.
Қала тұрғыны Аманқос Айтбаев



