Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының 13, 14,15-баптарына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi. Олар фитосанитарлық есептілікті аумақтық инспекцияға ұсынуы қажет.
Фитосанитарлық нысандар бойынша есептілік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №106 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша ұсынылады:
Пестицидтер мен биологиялық агенттерді өндіру және өткізу туралы есеп (ФУ-1)– жылына екі рет: 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін; Пестицидтер мен биологиялық агенттердің қозғалысы туралы есеп(ФУ-2) – жылына екі рет: 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін;
Пестицидтер мен биологиялық агенттерді сақтау туралы есеп(ФУ-3) – жыл сайын: 15 қаңтарға дейін;
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу туралы есеп (ФУ-4): наурыздан қыркүйекке дейін ай сайын, келесі айдың 15-іне дейін;
Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың бос ыдыстарын, сондай-ақ қолданылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру туралы есеп (ФУ-5) – жыл сайын: 15 қаңтарға дейін.
Есептілікті ұсынбау немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Осыған орай жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық есептілікті аудан бойынша аудандық аумақтық инспекцияға ұсыну қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына мекен-жайға хабарласуға болады: С.Асфендияров көшесі, 12а, тел.: (8 712 37) 5-57-30.
Г.Мұханбедиярова,
аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы,
өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы