Еселі еңбегімен танылған жан

Жолдай Байжанов 1933 жылы 10 наурызда Жылыойда дүниеге келген. Ол жанұядағы екінші бала еді. Әкесі Байжан Қалмұрзаұлы, шешесі Оңайша. Бір ағасы, екі інісі, бір қарындасы болды. Әкесі Ұлы Отан соғысынан оралмаған.Асыл анасы Оңйша 1943 жылы 37 жасында өмірден өтті.

Он жаста әке-шешеден айырылған Жолдай еңбекке ерте араласады. «Жаңа жол», «Микоян», «Ақ школ» шаруашылықтарында ересектермен қатар жүріп, қайыспай жұмыс жасады. Өкінішке орай, сол мезгілдегі еңбек өтілімін дәлелдеу мүмкін болмай отыр. 1950-51 жылдары Қызылқоға ауданындағы МТС-ке жас мамандарды шоғырландырды. Сол шақта Жолдай осында тракторшы –комбайншы болып еңбек етті. 1954 жылы осы өңірдегі Ақ шелек ауылында Дилан Бекқұловамен отау құрады. Жұмыс жасай жүріп Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентіндегі кәсіптік-техникалық училищені 1957 жылы тамамдап механик мамандығын алады. Одан әрі Жылыойға оралып жаңадан құрылған «Қазақстан» совхозында бригадир болып жұмыс жасай бастады. 1965 жылы аудандық тұтынушылар қоғамында дүкен меңгерушісі болып, халыққа мінсіз қызмет көрсетті. Социалистік жарыста үздік жетісіктерге жеткені үшін 1983 жылы «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атағы берілді. Көп жылғы адал еңбегі үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының Гурьев облыстың исполкомның халық депутаттар кеңесінің шешімімен 1988 жылы 15 қарашада «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. 1994 жылы еңбек демалысына шыққанша осы салада халықпен араласа жұмыс жасады. 2001 жылы дүниеден өтті.
Соғыстың ауыртпалығын көріп, тылдағы сан алуан шаруаға белсене араласқан, ел үшін табандылықпен тер төккен, тәрбилеп ұл-қыз өсірген Жолдай Байжановтың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екені анық. Олай болса, ардагердің атына туған ауылынан немесе Құлсары қаласынан көше атағын берсе жөн болар еді.


Байжанов Жомарт Оңдасынұлы,
немересі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT