Ерлікке бастаған батырлық

Құрамында механик-жүргізуші Борис Василенко, радист Иван Клименко және көздеуші мерген Сәді Дүйсенбеков бар еді.

Ұлы Отан соғысында батырға тән ерлік үлгісін көрсеткен жерлесіміздің бірі-Сәді Дүйсенбеков еді. Ол фашистерді өз танкісімен Берлинде талқандауға қатысты. Жау ұясын басып аларда полк командирі М.Н.Бортовский өз жауынгерлеріне бекіністі бұзып, Одер өзенінің арғы бетіне өтуге және одан әрі шабуыл жасау мақсатында плацдарм жасауға бұйрық береді. Бұл үшін тәжірибелі экипаждар іріктеледі.

Олардың құрамында Каяндар басқаратын танк экипажы болды. Құрамында механик-жүргізуші Борис Василенко, радист Иван Клименко және көздеуші мерген Сәді Дүйсенбеков бар еді. Экипаж дереу іске кірісіп, жауға шабуыл жасап, өзеннен өту жоспарын жасақтайды.

Ендігі бағыт - Берлинді басып алу. Майдан даласын кезіп өткен ержүрек жауынгер Сәді Дүйсенбеков экипажымен Берлинге бірінші болып басып кірген танкішілердің бірі болды. Кескілескен шайқаста жаужүрек жауынгерлер 40-50 танкінің көзін жойып, құртып жібереді. Сондай-ақ 50-60 жау минометінің, көптеген жау дзотының күлін көкке ұшырады. Берлин операциясы Сәдіні ерлікке бастаған, батырлығын паш еткен ерекше сәт болады.

Зұлым жау ордасын талқандауға қатысқан Жылойдың жігіті Сәді Дүйсенбековтың ерлігін бағалаған танк армиясының командашысы С. Богданов оны ең жоғарғы наградаға ұсыну жөніндегі құжатқа қол қояды. Бірақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қаулысы бойынша ол «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен наградталады.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT