Ерлік сабағы

АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ ХАБАРЛАУЫНША, № 9 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН 8 «А» «ЖАС САРБАЗ» СЫНЫБЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ АУДАН КӨЛЕМІНДЕГІ ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Оған Ауған соғысының ардагерлері, аудандық білім бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен өкілдер қатысты. Ерлік сабағында жасөспірімдер саптық дайындық, әскери амандасу және аз уақыттың ішінде автоматты бөлшектеп, жинақтау тапсырмасын тез орындап, жақсы қырынан көрінді.

-Біздің мақсатымыз жасөспірімдерді әскери-патриоттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери пәнге және спортқа деген қызығушылығын ояту, бастапқы әскери даярлық пәні мен дене тәрбиесінен алған білімін одан әрі жетілдіру. Сол арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін арттыру болып саналады, - дейді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор Т.Саденов.

«Жас Сарбаз» сыныбы алғашқы рет 2019-2020 оқу жылында осы № 9 жалпы орта білім беретін мектепте құрылған еді. Ол оқу ордасының алғашқы әскери даярлық пәнінің жетекшісі Асхат Болатовтың жетекшілігімен жүзеге асты. Соның арқасында сынып оқушылары осы уақытқа дейін аудандық, облыстық жарыстардан бірнеше рет жүлделі І орынға ие болып келеді.

-Әрине, аудандағы өзге де мектептерде осындай «Жас Сарбаз» сыныптары ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл сөз жоқ, жастардың патроиттық тәрбие алуына оң ықпалын тигізер еді,-дейді бөлім бастығы.

Т.САДЕНОВ,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521