Ерлігі мәңгі есімізде

Аудандық «Атамұра» музейінің көрме залында «Жастығын жалын шарпыған» тақырыптық шарасы және «Ерлігі –үлгі, өмірі-өнеге» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды.

Бұл шара Жылыой топырағынан майданға аттанып, толарсақтан саз кешкен, жауды өз ұясында талқандап, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған батарея командирі, гвардия аға лейтенанты, үш орденнің иегері Үркін Қонаровтың құрметіне арналды.
Шараны аудандық музей басшысының міндетін атқарушы Г.Сабирова сөз сөйлеп, ашып берді. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан Үркін Қонаровқа арналған- «Ұрпақтары ұмытпайтын ұлы ата» тақырыбындағы бейнебаян көрсетілді. Содан соң «Жылыойдың құрметті азаматы», аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қонаш Қалдыоразов ата туралы естелік әңгіме өрбітті. Назгүл Жиенбаева «Ақмаңдайлым» әнін орындады. Аудандық музей жанындағы кеңес мүшесі, ақын, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» Бүркіт Базарбаев сөз кезегін алды. Осы шараға Үркін атаның ұрпақтары Боранбай Атыраубаев, Тілеуберген Қонаров пен Қуантқан Санахаева келіп, естелік әңгімелерімен бөлісті. Ары қарай шараны Нұргүл Жұмағалиева «Ақсұңқарым» әнімен жалғастырды. Шараны музей қызметкері Қарлығаш Қосбаева қорытындылады.

Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521