Ерлігі кітапқа енген ер

Бұл ұрыс 1943 жылы 6 қазанда болған еді.

Жеңіс күнін жақындатқан батыл жауынгердің бірі жерлесіміз - Төлеген Бисенғалиевтің есімін бүгінде құрметпен еске аламыз. Ол 1943 жылы 7 шілдеде алғаш ұрысқа кірісіп, өз майдандастарымен бірге Курск иініндегі Потстанцияны жанқиярлықпен қорғап қалғандар қатарында болды. Төлегеннің қаруластары жөнінде гвардия полковнигі М.А.Гончаров «Қанатты қаһармандар» атты кітабында былай деп жазды:

«Бұл ұрыс 1943 жылы 6 қазанда болған еді. Осы ұрыста аға лейтенант Н.Базановтың ротасы жақсы шайқасты. Бұл кезде полктың сол қанатында қысылтаяң жағдай туып, рота бірден ұрысқа кірісті. Ол жаудың танкілері мен жаяу әскер ерткен машиналарының Днепрге баратын жолын бөгеді. Қаһарман жауынгерлер жаудың үш танкісін, жаяу әскер отырған төрт машинасын жайратып, 60-қа жуық солдаттары мен офицерлерін жойды. Осы ұрыста қазақ халқының перзенті Төлеген Бисенғалиев өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ол фашистердің екі машинасын күл-талқан етіп, автоматпен 11 гитлершілді жусатқан».

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521