Еріктілер көшет отырғызды

«Консолидейтед контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л.- Офшор» (ССЕP) компаниясының еріктілер тобы ауданда көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда 16 сәуір күні компания еріктілері «Өз ағашыңды отырғыз» атты шара ұйымдастырды. Шараға 80 адамнан құралған ерікті топ RVжәне Абай жатақханаларында 500 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Екі-үш жылдық көшеттердің ішінде пирамидальді терек, шағанды үйеңкі, жасыл шаған және қарағаш түрлері бар. Тиісінше, көшеттерге су құйылып, минералды тыңайтқыштар салынды.

– Компания еріктілері көгалдандыру жұмыстарына өз еріктерімен қатысуда. Ал, негізгі жұмыс – алдағы уақытта күтіп-баптау, уақытылы суару міндеті тұр. Компания жұмысшылары бұған зор жауапкершілікпен қарайды деген үміттеміз. Егілген жас шыбықтардың үлкен мәуелі ағаш боп өсіп, болашақта жайқалған жасыл баққа айналуы енді жұмысшылар мен қалашық тұрғындарына байланысты. Олар – біздің аманатымызға қиянат жасамайды деген ойдамыз. Біз өзімізден кейінгі ұрпаққа ауаны, табиғатты таза күйінде қалдыруымыз керек, – дейді ССЕР компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев.

Ш.ХАМИТОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз