Еріктілер ауылдағы оқушыларға ағылшын тілін тегін үйретуде

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасы Сайлаубай Таласов, Жаңа Қаратон кентінің әкімі Қаржау Шарғабаев және ағылшын тілінен дәріс беретін еріктілер №23 мектепте болды.

Елбасы «Нұр Отан» партиясының жұмысын жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар ұсынған болатын. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында партиялық 22 жаңа жоба әзірленді. Соның бірі - ауылдағы мектеп оқушыларын ағылшын тіліне үйрету бойынша "English for Jastar" жобасы. Бұл әлеуметтік жобаның мақсаты - балалардың сапалы білімге қол жеткізуіне үлкен мүмкіндіктер беру, ауылдық жерлердегі оқушылардың ағылшын тілін оқуға деген құштарлығын арттыру. Жаңа жоба аясында №23 мектепте тегін ағылшын курсы ашылды. Партияның қолдауымен келген еріктілер оқушылардың оқу деңгейін тереңдетіп, қосымша үш ай тегін білім беруді бастап та кетті.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз