Еріктілер 400 дана мектеп сөмкесін дайындады

Атырау қаласында 100-ден аса ерікті «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

" Мектеп тауарларымен толыққан сөмкелерді Жылыой ауданындағы әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға таратамыз. Бұл бастама «Теңізшевройл» компаниясы мен «Friends of Atyrau» волонтерлік ұйымының қаржылай қолдауымен «Теңіз жүрегі» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда,"- деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаев

Айта кетейік, "Теңіз жүрегі" жобасын "Теңізшевройл" ЖШС қолдауымен "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры 2023 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT