Өткен аптада аудандық төтенше жағдайлар бөлімі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби дайындық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету мақсатында семинар-сабақ өткізді.
Оған ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру құралымдарының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және Төтенше жағдайлар гарнизонының қызметкерлері қатысты. Семинар ерікті өрт сөндіру құралымдарына өрт қауіпті маусымы кезінде іс-қимылдарын пысықтау, білімдерін арттыру бойынша кәсіби дайындық мектебінің педагогикалық құрамымен теориялық және тәжірибелік түрінде өтті. Семинар барысында орман немесе дала өрттері кезінде ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілі, өртті сөндірудің тактикалық және таралу қаупін болдырмау тәсілдері, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Жылыой ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.