Ереже естен шығарғанды кешірмейді

Өрт қауіпсіздігі ережесі экономиканың барлық саласына, аймақтың барлық жеріне де аса қажет. Соның ішінде, көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы өте зор. Өйткені, қазір қай қалада да көлік нөпірі көп. Онсыз тіршілікті елестету мүмкін емес. Аудан тұрғындарының екіден бірінде темір тұлпар бар. Әсіресе, ескі көлік тізгіндеген тұрғындар өте көп.

Айталық, биылғы жылдың соңғы 6 айының өзінде аудан көлемінде 11 көлік өрті тіркелуі – осы сөзіміздің дәлелі. Мұның басым бөлігі ескі темір тұлпардағы ақаудың кесірінен орын алып жатады. Сондықтан аудан халқын аса сақ болуға шақырамыз.

Жалпы алда-жалда көлігіңізбен келе жатқанда кенеттен өрт шықса, көліктен бұрын, өзіңізді құтқаруға ұмтылатыныңыз анық. Ондайда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға тырысу керек. Бірден жол жиегіне тоқтап, жедел түрде жолаушылардың тез шығуын қамтамасыз етіп, көлікті аккумулятор батареясынан ажыратып тастап, өрт сөндіргіш құралмен өрт сөндіруге кірісу керек.

Әрине, мұндай сәтте автокөлік пен өрт сөндірушінің бағасын салыстыруға келмейді. Егер тілсіз жауды ауыздықтауға өз күшіңіз жетпесе, онда жедел түрде 101, 112 байланыс телефонына қоңырау шалғаныңыз абзал.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT