Айтыскер ақын, Атырау облысы мәслихатының депутаты,
ауданның жанашыр азаматы Сырымбек Сарсембаев Президент
Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен
марапатталды.
Марапат иесі өзіне лайық награданы мәжіліс спикері, «AMANAT»
партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қолынан алған. Бұған дейін
Астана қаласының төрінде өткен мәслихат депутаттарының
форумында сөз сөйлеген ол тозығы жеткен инфрақұрылым мен
көнерген ғимараттар сынды моноқалалардың өзекті мәселесін
Мемлекет басшысының алдында батыл айтқан еді. Ол Құлсарыда су
қоймасын салу және аймақтағы өмір сүру жағдайын жақсарту, сондай-
ақ су тасқынының алдын алу үшін ағынды су қондырғыларын жаңарту
қажет екенін жеткізді.
Халық қалаулысы ретінде бұдан басқа да аймақтың күрмеулі
мәселелерін көтеріп, шешімін табуына атсалысып, елдің дамуына
қосып жүрген үлесі зор.
- Құдайға шүкір, жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді.
Президентіміз қол қойып, мөр басқан мемлекеттік марапат – «Ерен
еңбегі үшін» медаліне ие болдым. 20 жасымнан бастап айтыс ақыны
ретінде елімнің абыройын асқақтатуға тырыстым. Өз көзқарасын ашық
айтатын қоғам белсендісі болуға жұмыстандық. Ақ адал ниетпен
халқымыз үшін жасап жүрген адал еңбегіміз өзінің әділ бағасын алып
жатыр,-дейді ақын өзінің әлеуметтік парақшасында.
Сырымбекті құттықтап жатқан жандардың санында шек жоқ.
Расында да, лайықты марапаттың өз иесін тапқанына біз, жерлестері –
жылыойлықтар да қатты қуандық.
П.Түркенбайқызы
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 310