Ерекше жандарға ерекше жағдай

Құлсары қаласындағы № 94 учаскедегі дауыс беру уақыты таңғы сағат 7-де уақытымен басталады. Референдумда өз таңдауын жасау үшін мұндағы тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар жандарға ерекше жағдай жасалып, еш кедергісіз дауыс беруіне мүмкіндік жасалды. Бұл туралы референдум комиссиясының төрайымы Айжан Саменова хабарлады:

-№94 дауыс беру учаскесінде 2902 сайлаушы бар. Ұйымдастыру жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Біздің учаске “Шұғыла” ықшамауданындағы 129-150, 275, 280-310 көшелер мен “Мұнайшылар” ықшамауданын, Т.Құлтумиев, Қ.Есалиева, М.Сатыбалдиев, Қ.Байшаханов, А.Кемелов, Д.Жазықбаев, М.Далбаев, М.Боранбаева, А.Беклиев, Ұ.Абдрахманов, Е. Халықов көшелерін қамтиды,-дейді ол.
П.Тәжі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT