Мүмкіндігі шектеулі жандар мурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес мүгедектерге "Мүгедектерді сурдо, тифлоқұралдарымен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштері негізінде сурдоқұралдары кезекке сай берілген болатын.
Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі:
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мүмкіндігі шектеулі жандар мурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Веб-камерасы бар ноутбук, көпфукционалды дабылды жүйелер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын ұялы телефондар, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, дауыс шығаратын аппарат берілген күннен бастап 5 жылдан кейін ауыстырылады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі