Ерекше балаларға ерекше қолдау

12 қыркүйек «Авангард» ықшамауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

inkluziv3

Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім алып жатыр.

inkluziv2

Мұнда психологиялық денсаулығы тежелген аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Тьюторлардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық мамандарының мақсаты болып табылады. Сынып «Инклюзия болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «СОС» компаниясының қолдауымен ашылды.

inkluziv1

Жиында білім басқармасы қызметкерлері инклюзивті сыныптар ашу жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіргені үшін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа алғыс білдірді. Айта кетейік, бүгін, 13 қыркүйек күні қаладағы №24 орта мектепте де «инклюзивті сыныптың» ашылу рәсімі өтетін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика