Ерекше балаларға арналған демалыс

Атырауда мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін демалады

22 қыркүйек күні «Мекен» демалыс орнында ерекше балалардың отбасылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жомарт жүрек» конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен өткен брифингте «Жыл меценаты» номинациясының жеңімпазы Айбар Жаниязов қайырымдылық шарасы туралы толығырақ айтып берді.

- Біз аймақтағы кәсіпкерлермен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанту мақсатында демалыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Балалар мен олардың ата-аналары жақсы тынығады деген ойдамыз. Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы аясында біз осы балаларға арналған арнайы тренажер құралдарын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз, - деді Айбар Жаниязов.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521