Энергетикалық тәуелсіздікке бағытталған шешім

Бұл ұстаным еліміздің энергетика саласындағы ұзақ мерзімді және жүйелі көзқарасын айқын көрсетеді. Мұнда әңгіме тек энергия көздерін ауыстыру туралы емес, Қазақстанның нақты әлеуеті мен ұлттық мүдделеріне сай тұрақты даму моделін қалыптастыру жөнінде болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, ядролық энергетиканы дамыту – бүгінгі күннің өзекті талабы.

Алғашқы атом электр станциясының салынуы маңызды қадам екені сөзсіз. Алайда экономиканың үздіксіз дамуын қамтамасыз ету үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтан екінші және үшінші АЭС құрылысының перспективасын қазірден бастап қарастыру – болашаққа бағытталған стратегиялық шешім. Халықаралық әріптестікті кеңейту арқылы Қазақстан энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, жаһандық энергетикалық кеңістіктегі өз орнын нығайта алады.

Ғизат Далабеков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT