Енді сертификат талап етпейді

Аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Нұржан Оңайәлиевтің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі №71-VIII Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап карантиндік сертификаттардың күші жойылған.

-Яғни, бұрын карантинге жатқызылған өнімдерді облыстар аралығында тасымалдағанда міндетті түрде карантиндік сертификат талап етілетін-ді. Енді бұл қажеттілік жаңа заң бойынша биылғы жылдың басынан бастап ережеден алынып тасталды. Әрине, алдағы уақытта заң талаптарына өзгеріс енген жағдайда толық ақпараттар инспекцияның барлық әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланатын болады,-дейді инспекция басшысы. Бұл, сөз жоқ, осындай өнім тасымалдап келген аудандағы барлық жеке және заңды тұлғалар ескеретін ақпарат.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT