Енді қоқыс полигонына қалдықтар тастау тұрғындар үшін тегін

Бүгінде Құлсары қаласының аумағын қоқыстар мен түрлі тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құлсары қаласында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері, алаңдар, жеке секторлар тазартылуда.

-Қала тұрғындарынан қоқыс қалдықтарын тек арнайы жәшіктерге тастау сұралады. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды тастаған тұрғындарға ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес шара қолданылатыны ескертіледі,- дейді қалалық әкімдік қызметкерлері.-Бүгінгі таңда жеке тұрғын үйден шығарылған көп мөлшердегі тұрмыстық қалдықтар, құрылыс материалдары "Жылыой тазалық" ЖШС-нің қоқыс полигонына тегін қабылданады.

oys-poligon-2
Бұған дейін аталған полигонға қоқыстарын әкеп төгу тұрғындар үшін ақылы болған еді. Сондықтан бұл жаңалық барша қала тұрғындарына ұнайтыны әрі тиімді екені сөзсіз. Енді Құлсары іші, көшелері бей-берекетсіз күл-қоқыстан арылса, қала келбеті де едәуір жақсарып қалары сөзсіз.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521