Енді «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық бөлімшелерінен мемлекеттік қызметті алуға болады

«Қазпошта» АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ-мен бірлесе отырып ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл туралы Қазпошта АҚ Атырау облыстық филиалының желіні басқару бөлімінің басшысы Жұпар Есенбекова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Енді тұрғындар ауылдық пошта бөлімдерінде шамамен 27 мемлекеттік қызметті ала алады. Оның ішінде жәрдемақының кейбір түрлерін, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы қызметтерге құжаттарды рәсімдей алады, мекенжай бойынша тіркеліп, мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін ала алады.

-Қазпошта ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарын әрі интеграциялық процестерді жүргізді. Осы орайда, ХҚО ақпараттық-коммуникациялық жүйесінде жұмыс істеу үшін ауылдық бөлімшелердің операторлары оқытылды. Ауылда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тұрғындарға аудан мен қалаға жолға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беріп, ауылдық бөлімшелер жұмысын ынталандыруға әрі олардың экономикалық тиімділігін арттыруға жол ашады,- деді Ж.Есенбекова.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет алуға болатын бөлімшелер:

1) Геолог АПББ – Атырау қ., Мирас ы-а, Қ.Мұңайтпасұлы көшесі, 41А үй;

2) Ракуша АПББ - Атырау қ., Ракуша ауылы, С.Хасанов көшесі, 33А үй;

3) Қосшағыл АПББ – Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы, Абылайхан көшесі, 12 үй;

4) Шоқпартоғай АПББ – Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Нұрмағамбетов көшесі, 374 үй;

5) Есбол АПББ – Индер ауданы, Есбол ауылы, Қ.Қуанышбаев көшесі, 28 үй;

6) Жарсуат АПББ – Индер ауданы, Жарсуат ауылы, М.Жаналисов көшесі, 1А үй;

7) Алға АПББ – Құрманғазы ауданы, Алға ауылы, Макаш әкім көшесі, 15 үй;

8) Котяевка АПББ – Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылы, Құрманғазы көшесі, 69 үй;

9) Доссор АПББ – Мақат ауданы, Доссор кенті, Ж.Мұхтанов көшесі, 2 үй;

10) Жасқайрат АПББ - Қызылқоға ауданы, Жаскайрат ауылы, Х.Досмұхамедов көшесі, 13 үй.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT