Ең бірінші болып өз таңдауын жасады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және  мәслихаттарының сайлауы бүгін басталып, дауыс берушілер өз таңдауын жасауда.

Құлсары қаласындағы нөмірі 18 М.Сатыбалдиев мектебі қабырғасында орналасқан 102-ші сайлау учаскесіне сағат таңғы 7.00-де алғашқы сайлаушы келіп өз таңдауын жасады. Ерте таңмен өз учаскесіне қарай бет алған Дана Дошаева есімді азаматша сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық міндеті деп біледі. Сайлаудың бей-жай қарайтын науқан емес, ел болашағы үшін маңызды күн екенін айтты ол.

Елдің бірлігі мен бекемдігі сынға түсетін сындарлы сәтте өз таңдауын бірінші боп жасауға келген Данаға сыйлық та табысталды. Айта кетейік, аталған дауыс беру учаскесінде 2642 дауыс беруші тіркелген. Үйден дауыс беретін 10 сайлаушы бар, оларға арнайы жәшік жіберілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521