Еңбек министрлігі жыл басынан бері 303,3 мыңнан астам жас азаматты жұмысқа орналастырған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында жастарды жұмыспен қамту кешенді жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Биыл жыл басынан бері барлығы 303,3 мыңнан астам жас азамат жұмысқа орналастырылды: ҚР Президентінің "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасын жүзеге асыру барысында – 142,9 мың адам, ұлттық жобаларды іске асыру кезінде – 80,9 мың адам, бос жұмыс орындарына – 79,5 мың адам.

Сонымен қатар биыл жастар арасынан 35,5 мың адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. 18,7 мың ЖОО және ТжКБ түлегі игерген мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе жинау үшін жастар практикасына жіберілді, 6,6 мың адам "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасып, одан әрі қарай тұрақты жұмыс істей бастады.

Бұдан басқа Қазақстанда 5 жылға дейінгі мерзімге мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын шағын несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсетіледі. 2023-2025 жылдары барлығы 90,5 млрд теңге сомасына 18,2 мың шағын несие беру қарастырылған. Атап айтқанда, 2023 жылы – 28,9 млрд теңгеге 5,8 мың, 2024 жылы – 30,3 млрд теңгеге 6,1 мың, 2025 жылы – 31,3 млрд теңгеге 6,3 мың шағын несие. Жыл басынан бері 12,9 млрд теңге сомасына 2 915 шағын несие берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT