Еліміздің аумағынан мал шығаруға тыйым салынды

Қой мен ешкі және оның лақтарын шығаруға да тыйым салынады

ҚР ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі ауыл шаруашылығы жануарларын сыртқа шығаруға қатысты бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің аталған №1118 бұйрығы 2019 жылдың 10 қазанында шықты. Сонымен қатар, сол күні ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрінің №368 нөмірлі бұйрығы шықты.

«6 ай бойы ірі қара малдарды, атап айтқанда 1 жасқа дейінгі және 1 жастан жоғары ұрғашы бұзау мен сиырды Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, ұрғашы қой мен ешкі және оның лақтарын шығаруға да тыйым салынады», - делінген бұйрықта.

Сондай-ақ, аталған бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігінің Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау керектігі айтылған.

BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз