Құлсары қаласындағы №97 референдум комиссиясы саяси науқанға дайын. Бұл жөнінде референдум комиссиясының төрағасы Шынар Ағниязова хабарлады.
Оның айтуынша, аталмыш дауыс беру учаскесі Құлсары қаласындағы “НПС”, “ПНГС” ықшамаудандары мен 7-учаске, Махамбет даңғылы бойындағы аумақты қамтиды.
-Учаскемізде 2802 дауыс беруге құқығы бар азаматтар бар. Сол жандардың референдумға келіп, өз таңдауын жасауына барлық мүмкіндікті жасадық. Өйткені бұл еліміз үшін өте маңызды күн,-дейді Ш.Ағниязова.
П.Тәжі