Еліміз үшін маңызды күндердің бірінде тағы бір нәресте дүние есігін ашты.

Түнгі сағат 01:40 уақытында салмағы 3500 кг қыз баланы жас 26 жасар Тамара Адырова өмірге алып келді. Оның сөзінше, дәл осындай маңызды сәтте нәрестесінің өмірге келуі зор қуаныш дейді.

"Ел болашағының маңызды күні, ҚР Президентін сайлау күні сәбилі болдым. Сайлауға дауыс беріп үлгермедім. Бірақ өтініш беріп өз дауысымды беремін! ",-дейді жас ана Тамара Адырова.
Сайлау күні дәрігер де тынымсыз еңбек етуде. Жылыой перзентханасында дүниеге келген Сайлаугүл, Сайлаубектер де көп. Халқымыздың саны артып, қаракөздеріміз де көбейе бергей!

Еске сала кетейік, бүгін ауданда дауыс беру белсенді өтуде. Сайлау комиссияларының мүшелері перзентханадағы аналардан өтініш алуда.

 

А. Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз