Ел үшін маңызды қадам

20 қарашада ел үшін жасалар елеулі қадам-сайлау өтетіні баршамызға белгілі. Бұл – ең әуелі елдің болашағына үміт артатындар үшін үлкен мүмкіндік, маңызды күн. Осы жылғы кезектен тыс Президент сайлауына 12 адам өз кандидатурасын ұсынған болатын. Бірақ таңдау еркі- халықта.

Біз өз дауысымызды ел болашағын сенімді түрде қорғайтын адамға жүктеуіміз керек. Бізге көптің көңіліндегі мәселені шеше алатын, түрлі саладағы реформаларға тиісінше оң нәтиже беретін адам қажет.  

Сайлау- халық пен билік арасындағы сенім институты. Демократияны дамытуға жасалған маңызды қадам. Теңдік, сайлау- көпшілік дауысымен шешілетін мәселе. Әділ сайлау-әділетті қоғам үшін қажет. Президент сайлауынан күтеріміз көп. Биылғы жылы оң өзгерістер мен жаңашылдық жылы болды. Лайым, әрі қарай осылай жалғасса екен деймін.  Демократияны дамыту үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар оң нәтиже береді деген сенімдеміз. Сайлаудан менің де күтетінім, бүкіл халықтың да күтетіні осы - ел болашағы. Сондықтан бұл саяси науқаннан тыс қалмайық. Себебі, 1 адамның дауысы да ел тағдыры үшін маңызды. Әр кандидаттармен жеке-жеке өмір жолдарын зерделеп, танысып шықтық. Енді  болашағымыз үшін, балалардың болашағы үшін, осы сайлауға атсалысып, белсенді қатысуымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біздің әр дауысымыз маңызды. Ел тағдыры үшін, дамыған мемлекеттердің қатарында болуымыз үшін бұл саяси мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT