Электронды билет қызмет сапасын жақсартады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің берген мәліметі бойынша, ауданымыздағы қоғамдық көліктер алдағы уақытта электронды билетпен жүруге көшірілмек.
- Құлсары қаласына қоғамдық жолаушылар тасымалын жақсарту, жолаушылар көлігі экономикалық тиімділігін арттыру, жолаушылар тасымалы қызметтерінің сапасын бақылауды күшейту мақсатында электронды билет сату жүйесіне қосу үшін «ILN (ИЛН) WEST SERVISE» ЖШС-мен келісімшарт жасақтау жоспарлануда,-дейді бөлім басшысы Е.Ысмағұл.
Қ.Нұртайұлы