ЕЛДІККЕ БАСТАҒАН ЕРЛІК КҮНІ

Халық арасында «бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттерінің ішінен Қазақстан өз тәуелсіздігін ең соңынан жария лады» деген қауесет бар. Расында да со лай ма? Жоқ! Еліміздің егемендігі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан емес, керісінше 1990 жылдың 25 қазанынан бастау алады. Иә, дәл сол күні «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы де кларация» қабылданып, Қазақ елі одақтағы орталық басшыларға жалтақтамай, өз алдына тәуелсіз шешім қабылдай алатын мықты мемлекет ке айналды.

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНМЕН» БІРГЕ ЖАНДАНҒАН...

Иә, бұл батыл қадам - Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде басты негізін қалады. Осы күн 1995 жылдан бастап Республика күні болып белгіленіп, мемлекеттік мереке ретінде 2009 жылға дейін тойланып келген еді. Бірақ кейін алынып тасталған айтулы мереке жаңа Президенттің бастамасы мен қайта жанданып, өз маңыздылығын орнықтырды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: "Ұлттық мерекелер мен ата улы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жи ырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік тұңғыш қадамы жолындағы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының сим волы болуы керек. Әрине, тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі ке рек", - деп ұлттық мереке мәртебесі ретінде Республика күнін қайтаруды ұсынған-ды. Мемлекет стамасын басшысының қолдаған ба Қазақстан Республикасының Парламенті сол жылғы қыркүйек айының ортасында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер мен толықтырулар енгізді. Аталмыш құжатқа сәйкес, 25 қазан - Респу блика күні ретінде ұлттық мерекеге айналып, тарих сахнасына қайта көтерілді. Ал Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мереке ретінде атап өтілетін болды.

ТАРИХИ МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

- "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл – тарихи және өте маңызды шешім болды. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен бастау алады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде қатынастардағы бекіту - мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз, - дейді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында. Расында, Сенат депутаты атап өткендей, Республика күнінің мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтарылуы "маңызды және тарихи шешім" болды. Бұл күн барша қазақстандықтар үшін арнайы де малыс күні болып белгіленіп отыр. Еліміздің «Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметке сүйенсек, онда 25 қазанда Қазақстанда Респу блика күні атап өтіледі және бұл күн жұмаға сәйкес келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар осы аптада үш күн демалатыны белгілі болды.

Егер ресми ақпаратқа сүйенсек, онда алғаш рет Республика күнінің мемлекеттік мереке ретінде 1995 жылғы қазанда жарияланғанын көреміз. Бұл Жарлыққа Қазақстанның сол кездегі тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Әрине, 25 қазан - Республика күні болып кездейсоқ таңдала қойған жоқ. Сөз басында айтып өткеніміздей, 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII Жарлығымен ССР-нің мемлекеттік "Қазақ егемендігі туралы" декларация қабылданды. Онда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жа рияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері анық көрсетілді. Сол кездегі егеменді мемлекеттің іргелі қағидаты ретінде Қазақстанның жеке аумақтық тұтастығы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы бекіту - мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз, - дейді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында. Расында, Сенат депутаты атап өткендей, Республика күнінің мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтарылуы "маңызды және тарихи шешім" болды. Бұл күн барша қазақстандықтар үшін арнайы де малыс күні болып белгіленіп отыр. Еліміздің «Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметке сүйенсек, онда 25 қазанда Қазақстанда Респу блика күні атап өтіледі және бұл күн жұмаға сәйкес келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар осы аптада үш күн демалатыны белгілі болды. дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы бұл заңға өзгерістер енгізіліп, 30 та мыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке ретінде жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, бұл әдеттегі жұмыс күніне айналып шыға келді. Сөйтіп маңыздылығын жойған еді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күнінің қайта жаңғыруы – Жаңа Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды шешім болды. Ендеше, 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекеміз құтты болсын!!!

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT