Елдегі халықаралық резерв 94,4 млрд долларға жетті

Сыртқы сауда айналымы 11 айдың қорытындысы бойынша 77,7 млрд долларды құрады

Қазақстанның халықаралық резерві 94,4 млрд долларға жетті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің кірісі трансферттерді есепке алмағанда 9 трлн 751 млрд теңге сомасында орындалды, бұл жоспарға қатысты көрсеткіш - 102,7 пайыз. Республикалық бюджеттің кірісі трансферттерді есептемегенде жоспарға қатысты - 100,3, ал жергілікті бюджеттер 108 пайыз орындалды. Халықаралық резерв 94,4 млрд долларға жетті, алтын-валюта резерві - 23,2 пайызға, яғни 35,7 млрд долларға дейін ұлғайды»,- деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 58,7 млрд долларды құрады.

«Сыртқы сауда айналымы 11 айдың қорытындысы бойынша 77,7 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт – 43,4 және импорт – 34,4 млрд доллар. Соның арқасында сыртқы сауданың оң сальдосы 9 млрд. доллар деңгейінде сақталды», - деді Асқар Мамин.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз