Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында «Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау» жобасын іске асыру мақсатында орталықта балалармен арнайы жұмыстар жүргізіледі.
Айта кету керек, орталықтың барлық мамандары балаларды қорғауға, олардың денсаулығын нығайтуға, дамытуға ерекше көңіл бөліп тұрады. Онда барлық шараларды өткізер алдында ата-аналарға психологиялық көмек беріліп, тәрбиешілер олармен бірлесіп жұмыстар өткізеді.
Бұл жолғы шаралар ата –аналарға психологиялық көмек көрсету үшін «Эмоция түрлері» тақырыбында пікіралмасу түрінде өткізілді. Эмоция, ішкі сезім түрлері және жағымды, жағымсыз жақтары жайлы айта келіп, оны тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталып, көптеген мағлұматтар берілді.
Сонымен қатар «Логикалық ойындарға психологиялық ой қозғау» тақырыбында сабақтар өткізіп, асық санау, сергіту сәті, табысты істерін мадақтау туралы мәліметтер берілді.
Иә, баланы құшақтаудың өзінің сыры бар. Оның жүрегінде «Менің жанашырларым бар» деген ұғымды қалыптастыруымыз керек. Осыған орай ата-аналармен тренинг өткізіліп, үйдегі әр баласының жақсы қасиеттерін бағалау, жиі құшақтап, аялап өсірудің пайдасы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Тренингке қатысқан атааналар пікірталасқа қызу қатысты.
Әрине, әлеуметтік жұмыс тек мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның жұмысы екенін есте ұстаған жөн. Мұқтаждарға көмектесу және қолдау көрсету үшін барлығымыз өз үлесімізді қоса аламыз. Бізбен бірге әрбір адам лайықты өмір сүруге құқығы бар, сонда ғана неғұрлым әділ және тең қоғам құра аламыз. Бұл жоба – соның айғағы.
Е.БИСЕКЕНҰЛ