Ел ертеңіне қолдау

«Исткомтранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздің көлік нарығында 20 жылдан астам қызмет көрсетіп келе жатқан Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық компания - жылжымалы құрам операторы. Ол әлеуметтік жауапкершілікке баса мән береді, сондай-ақ қажет болса, өзге салаларға қолдан келгенше көмек көрсетеді. Оның қамқорлығы, әсіресе, кешегі көктемгі алапат су тасқыны кезінде айтарлықтай көрінді.

Нақтырақ айтар болсақ, «Исткомтранс» ЖШС қазіргі кезде су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласын абаттандыру бағытында көмек көрсетіп келеді. Бұл орайда белсенділік танытып жүрген компания жақында «Құлсары жастары» қоғамдық бірлестігіне де қолдау білдірді. Ол өңірдегі жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға демеушілік жасады. Өйткені, су тасқыны тұрғындарға тек материалдық қана емес, сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан да зиян келтіргені белгілі.

Серіктестік колдауына ие болған «Құлсары жастары» қоғамдық бірлестігі жастардың сенімін қалпына келтіруге және жаңа өмірлік бағдарларды табуға көмектесуде. Ол үшін балаларға кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізіп, жастарға психологиялық қолдау көрсетіп жүр.

«Исткомтранс» ЖШС су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына алға қарай да жан-жақты көмек көрсете отырып, жастармен бірге осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT