Коалиция мүшелері Жылыой ауданының эксперттерімен референдумға қатысты кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Басқосуда референдумның стратегиялық маңызы, ел дамуының жаңа кезеңіндегі рөлі және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы мәні жан-жақты талқыланды. Сарапшылар тарапынан кәсіби пікірлер айтылып, маңызды мәселелерге талдау жасалды.
Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Референдумның құқықтық негіздері мен оның ел болашағына ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Жиынға 20-дан аса эксперт қатысып, мазмұнды пікір алмасу алаңы қалыптасты. Мұндай кездесулер қоғамдағы түсіндіру жұмыстарын жандандырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.




