Ел дамуына серпін береміз

Caspian Food West Компаниясы жер гілікті қамту ме н
мүмкіндіктер ді нығайта отырып, Қазақстандағы Compass
тобының еншілес кәсіпорындарын сатып алды.
Caspian Food West (CFW) Сompass тобының еншілес кәсіпорындары
«ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС-нің (ЮСС) және «Compass Қазақстан»
ЖШС-нің (CK) 100 % үлесін сатып алғандығын хабарлаймыз.
Бұл стратегиялық қадам 3000-нан астам жергілікті қызметкерлерді біріктіреді
және көпшілігі Атырау облысында жұмыс істейді. Сompass тобы қоғамдық
тамақтану, қонақ үй қызметтері, техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және көлік
шешімдері салаларында Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы, негізінен
Теңізде және Атырауда табысты қызмет көрсетіп келген..Қазақстанға толығымен тиесілі CFW
соңғы екі жыл ішінде ЮСС пен СК
үшін сенімді бизнес-серіктес және
стратегиялық жеткізуші болған.
Сатып алу CFW компаниясының
қолданыстағы қызмет түріне сәйкес
келеді және компанияны энергетика
мен ресурстар саласында, сондай-
ақ қонақ үй бизнесімен байланысты
басқа секторларда тұрақты өсу
мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Батыс Қазақстандағы азық-түлік және
қосалқы қызметтер көрсетуге арналған
келісім-шарттарынан бөлек, CFW ауыл
шаруашылығы, мейрамхана бизнесі,
азық-түлік өнімдерін өндіру мен оларды
көтерме саудамен өткізу салаларында
қызмет атқарады. Бұл сатып алу
Қазақстанның экономикалық дамуына
ықпал ете отырып, тұтынушыларға
пайда әкелу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жаңа басқару аясында CFW
стратегиясы қолданыстағы келісім-
шарттардың өндірістік мықты беделіне
сүйене отырып, Қазақстандағы қызметті
нығайтуға бағытталған. Біз жұмыс
күшімізді сақтауға және нығайтуға,
қазақстандық қамтуды ұлғайтуға және
барлық мүдделі тараптарға тиімді
болатын жаңа мүмкіндіктер ұсынуға
ұмтыламыз.
Үздіксіз қызметті қаматамасыз ету
үшін қазіргі басшылық пен басқарушы
персонал құрамы өзгермейді.
Тәжірибелі және өз ісіне
адал оперативті топтар өз
орындарында қалады, клиенттер
мен тұтынушылар күткен
қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы
және операциялық жетілдірудің
жоғары стандарттарын қолдау
үшін жұмыс істейді.
Caspian Food West (CFW) Compass
компаниясына жылдар
бойы жергілікті қоғамдастықтың
дамуына қосқан баға жетпес үлесі
үшін ризашылығын білдіреді.
Біз олардың артында қалдырған
мұраларын құрметтейміз және
Қазақстандағы жергілікті
қамтуды ұлғайтып, экономикалық
мүмкіндіктерді кеңейте отырып,
олардың жұмысын жалғастыруға
ниеттіміз.
Бұл сатып алу CFW тарихындағы
жаңа тарауды бастайды, себебі
біз Қазақстанда қосалқы
қызметтердің жеткізушісі
ретінде өз позициямызды
нығайтып жатырмыз. Біз ұзақ
мерзімді жетістікке жетуді және
қызметкерлеріміз, серіктестеріміз
және тұтынушыларымызбен
бірлесіп жергілікті экономикаға
айтарлықтай үлес қосуды асыға
күтудеміз.
Майкл Тейлор,
«ЮСС Супорт Сервисез»
ЖШС Бас директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT